Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясы қысқартылды: енді Хамза Ширазбен жекпе-жекке жол ашылды

Жәнібек Әлімханұлының дисквалификациясы қысқартылды: енді Хамза Ширазбен жекпе-жекке жол ашылды
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға қайта оралуға мүмкіндік алды. WBO ұйымы оған қатысты бірден бірнеше маңызды шешім қабылдады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Спорт Шредингера мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлының мельдонийге байланысты дисквалификация мерзімі қысқартылып, 10 шілдеден бастап толық күшін жойған.

Сонымен қатар қазақстандық боксшы суперорта салмақта WBO титулына ресми үміткер атанды. Енді осы дивизионның чемпионы Хамза Шираз Жәнібекпен жекпе-жек өткізуге қатысты келіссөз жүргізуі керек.

Тараптарға ортақ шешімге келу үшін 20 күн уақыт берілген.

«Келіссөз мерзімі 20 күн… Хамза бауырымыз бұл жолы батылырақ болады сенеміз», – деп жазды alashsporty.

Жәнібек Әлімханұлы Хамза Ширазбен чемпиондық айқасты Нью-Йоркте өткізгісі келетінін де білдірген.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы атанды. Оның кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 17 жеңіс, оның 12-сі нокаутпен.

Жақында қазақстандық боксшы ресми түрде суперорта салмаққа, яғни 76,2 келіге ауысты. Жаңа дивизиондағы WBO рейтингінде ол бірден екінші орынға жайғасқан.