Қазақстандық джиу-джитсу шебері Мерей Қабдуллаев Жапонияда өтіп жатқан Айти–Нагоя 2026 Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Arasha.kz.
85 келіге дейінгі салмақта белдескен 19 жастағы спортшы финалға дейін Моңғолия, Иордания және Қырғызстан өкілдерін жеңіп шықты.
Шешуші белдесуде Мерей Қабдуллаев Сауд Арабиясының спортшысы Абдулла Тарик Надамен кездесті. Финалда қарсыласы 7:0 есебімен басым түсіп, алтын медальға ие болды.
Осылайша Азия ойындарына алғаш рет қатысқан Мерей Қабдуллаев жарысты күміс жүлдемен аяқтады.
Бұл салмақта Қазақстан атынан тағы бір спортшы – Әли Иманвердиев те өнер көрсетті. Ол алғашқы кездесуінде Оңтүстік Корея өкіліне жол беріп, 1/8 финалда жарыстан шығып қалды.