Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Тамирлан Тілеулес – Азия ойындарында чемпионы атанған тұңғыш қазақ таеквондошысы

Тамирлан Тілеулес – Азия ойындарында чемпионы атанған тұңғыш қазақ таеквондошысы
Фото: ҰОК

Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында тарихи нәтиже тіркеді. Ол Азиадада алтын медаль жеңіп алған тұңғыш қазақ таеквондошысы атанды.

58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Тілеулес Филиппин өкілі Курт Брайан Барбозамен кездесті. Тартысты өткен шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшы қарсыласынан басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.

Бұл нәтиже Қазақстан таеквондосы үшін тарихи жетістік саналады. Бұған дейін жазғы Азия ойындарының финалына үш қазақстандық спортшы шыққанымен, барлығы күміс медаль иеленген еді.

2010 жылы Гуанчжоуда Феруза Ергешова 73 келі салмақта күміс жүлде алса, 2014 жылғы Инчхон Азиадасында Нұрсұлтан Мамаев 58 келіге дейінгі салмақта екінші орын алған. Ал 2018 жылы Джакартада Жансель Дениз 73 келі салмақта финалға дейін жетіп, күміс медаль еншілеген.

Тамирлан Тілеулес осы сәтсіз серияға нүкте қойып, Қазақстан таеквондосының Азия ойындарындағы алғашқы алтынын жеңіп алды.

Қазақстандық спортшы жарысты сенімді өткізді. Алғашқы айналымда ол Оман өкілін жеңсе, ширек финалда әлем чемпионы Аболфазл Зандиді жарыс жолынан шығарды. Жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ан Хянсиктен 2:1 есебімен басым түсті.

Бөлісу