Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Елдос Сметов Азия ойындарының финалына шықты

Елдос Сметов Азия ойындарының финалына шықты
Елдос Сметов. Фото: Сали Сабиров

Қазақстандық дзюдошы, Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Аичи-Нагояда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп жатқан Елдос Сметов жартылай финалда Тайпей өкілі Юнг-вей Янгпен кездесті.

Тартысты белдесуде қазақстандық спортшы қарсыласынан "ваза-ари" ұпайымен басым түсіп, шешуші кезеңге өтті.

Осылайша Елдос Сметов Азия ойындарының алтын медалі үшін күресуге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, бүгін дзюдодан әйелдер арасында 48 және 52 келі, ал ерлер арасында 60 және 66 келі салмақ дәрежелерінде жүлдегерлер анықталады.