Қазақстандық дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Азия ойындарындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Arasha.kz.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сметов бірінші айналымда Оңтүстік Корея өкілі Ли Хариммен кездесті. Қазақстандық спортшы қарсыласын иппон әдісімен мерзімінен бұрын жеңді.
Дзюдодан жарыстар Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындары аясында ұйымдастырылып жатыр.
Бүгін әйелдер арасында 48 және 52 келіге дейінгі, ал ерлер арасында 60 және 66 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде жүлдегерлер анықталады.