Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері атанды
Марал Төлепберген. Фото: ҰОК

Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында қола медаль жеңіп алды. Ол жартылай финалда Өзбекстан өкіліне жол берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Марал Төлепберген жартылай финалдық кездесуде өзбекстандық Сабрина Чакомановаға қарсы шаршы алаңға шықты.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер 5:0 есебімен Өзбекстан спортшысының жеңісін тіркеді. Осылайша, Марал Төлепберген финалға өте алмағанымен, жасөспірімдер Олимпиадасын қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, Қазақстан бокс құрамасының тағы екі өкілі алтын медаль үшін таласуға мүмкіндік алды. Атап айтқанда, 57 келі салмақтағы Ақнұр Тұрсынғали мен 70 келідегі Бибарыс Әшірбай жарыстың финалына жолдама алды.

Бөлісу