Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Аичи-Нагояда өтіп жатқан додада отандасымыз 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Чуркин жұлқа көтеруде 173 келіні, ал серпе көтеруде 205 келіні бағындырды. Осылайша қоссайыс қорытындысында 378 келі нәтижемен екінші орынға тұрақтады.
Алтын жүлде Солтүстік Корея спортшысы Ро Кван Рёльге бұйырды. Ол қоссайыста 379 келіні (165+214) көтеріп, қазақстандықтан небәрі бір келіге озды.
Қола медальді Қытай өкілі Чэнь Шуньнань иеленді. Оның жалпы нәтижесі 374 келі (163+211) болды.