Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Милад Карими Азия ойындарында алғаш рет жүлдеге қол жеткізді

Милад Карими Азия ойындарында алғаш рет жүлдеге қол жеткізді
Милад Карими. Фото: Frank Hammerschmidt/picture alliance via Getty Images

Қазақстандық гимнаст Милад Карими Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

27 жастағы спортшы еркін жаттығудан жекелей сынның финалына қатысып, бағдарламасын жеті қарсыласынан кейін соңғы болып орындады.

Карими жаттығу барысында ірі қателікке жол бермей, төрешілерден 14,600 ұпай алды. Бұл көрсеткіш оған екінші орын алып, күміс жүлдеге ие болуға мүмкіндік берді.

Жарыста Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы, Филиппин өкілі Карлос Юло 14,666 ұпаймен жеңімпаз атанды. Ал жапониялық Сёма Цукияма 14,566 ұпай жинап, қола медаль иеленді.

Осылайша, Милад Карими Қазақстан құрамасына спорттық гимнастикадан Азиада-2026-дағы алғашқы жүлдені сыйлады.

Бұл Каримидің Азия ойындарындағы алғашқы медалі. Бұған дейін ол құрлық додасында жүлдегерлер қатарына енбеген.

Қазақстандық гимнаст 25 қыркүйекте кермедегі жаттығудың финалында тағы да медаль үшін таласады.

Айта кетейік, Милад Карими 2023 жылғы әлем чемпионатында еркін жаттығудан қола жүлде жеңіп алған.