Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарының чемпионы атанды

Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарының чемпионы атанды
Фото: Qazsport.kz

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Отандасымыз әйелдер арасындағы марафондық спорттық жүріс бәсекесінде 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтиже көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті.

Күміс медальді Қытай спортшысы Даньцзэн Цюйцзун (3:26:09), қоланы тағы бір қытайлық Ма Ли (3:32:26) иеленді.

Осылайша, Ясмина Тоқсанбаева Қазақстан құрамасына Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын медальді сыйлады.

Ясмина Тоқсанбаева ең жақын қарсыласын 3 минут 49 секундқа басып озды.

Ясмина Тоқсанбаева Алматы қаласының намысын қорғайды. Ол — халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Спортшының жеке жаттықтырушылары — Майя Созонова мен Елена Юда.