Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Спорт

Айбек Оралбай Қазақстан қоржынына бокстан екінші алтынды салды

Айбек Оралбай Қазақстан қоржынына бокстан екінші алтынды салды
Айбек Оралбай. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Arasha.kz.

+90 келі салмақта өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының капитаны финалда Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен кездесті. Шешуші жекпе-жекте Оралбай қарсыласынан басым түсіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша Айбек Оралбай Азия ойындарының алтын жүлдесін Қазақстан қоржынына салды. Айта кетейік, екі боксшы бұған дейін 2025 жылы Ливерпульде өткен әлем чемпионатының финалында да кездескен. Ол кезде де жеңіс қазақстандық спортшыға бұйырған.

Айбек Оралбай бұған дейін 2022 жылғы Азия чемпионатында топ жарған. Сондай-ақ ол 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарына қатысқан.

Бұл – Қазақстан бокс құрамасының Азиада-2026-дағы екінші алтын медалі. Бұған дейін 70 келі салмақта Торехан Сабырхан чемпион атанған еді. Ол финалда Иордания өкілі Зеяд Ишаишті 5:0 есебімен жеңді.

Осылайша Қазақстан боксшылары Азия ойындарын екі алтын медальмен аяқтады.

Бөлісу