Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

«Тойға шақырмаңыздар»: Қазақстандық отбасының шешімі жұртты таңғалдырды

«Тойға шақырмаңыздар»: Қазақстандық отбасының шешімі жұртты таңғалдырды
Сурет: скриншот

Қазақстандық ерлі-зайыпты 2030 жылға дейін той, туған күн және басқа да жиындарға барудан бас тартқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz, KYN.KZ-ке сілтеме жасап.

Ерлі-зайыпты бұл шешімге отбасылық шығындарды азайтып, қарыздарынан құтылу және балаларының болашағына қаржы жинау мақсатында келгенін айтқан.

Олар әлеуметтік желі арқылы туған-туыстары мен достарына үндеу жасап, алдағы бірнеше жыл бойы өздерін той-жиындарға шақырмауды сұрады.

«2030 жылға дейін тойға шақырмай-ақ қойыңыздар. Бала оқытып, қарызымыздан құтылып алайық», - деген олар.

Отбасының бұл шешімі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушыларының бір бөлігі ерлі-зайыптылардың әрекетін қолдап, қазіргі уақытта тойға барудың өзі едәуір шығынды талап ететінін айтқан. Ал енді бірі мұндай шешімді қазақы ортаға жат деп бағалаған.