Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Қытайлықтар «Көксеректі», француздар «Менің атым Қожаны» оқып жүр

Қытайлықтар «Көксеректі», француздар «Менің атым Қожаны» оқып жүр
Коллаж: Arasha.kz

Қазақ әдебиетінің танымал шығармалары шетел оқырмандарына да жол тартып, әлемнің әр түкпірінде таныстырылып жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz, news.qaz-ға сілтеме қалдыра отырып.

Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасы қытай тіліне аударылып, Пекин, Үрімжі және Күйтің қалаларындағы баспалардан жарық көрген.

Ал Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесінің француз тіліндегі нұсқасы 2024 жылы Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінде таныстырылды.

Қазақ әдебиетін шетелге таныту және ұлттық рухани мұраны халықаралық деңгейде дәріптеу бағытындағы жұмыстарға мемлекет тарапынан да назар аударылып келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мәдениет пен әдебиетті дамытуға, қазақтың рухани мұрасын әлемге танытуға ерекше мән беріп келеді.

Бүгінде атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде қазақ қаламгерлерінің шығармалары шетел тілдеріне аударылып, әлем оқырмандарына жетіп жатыр.