Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Алматыда енесіне қатысты ауыр күдікпен күйеу баласы ұсталды

Алматыда енесіне қатысты ауыр күдікпен күйеу баласы ұсталды
Сурет: ozgerisinfo

Алматыда енесіне қатысты зорлық-зомбылық әрекетін жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Оқиға жәбірленушінің қызы полицияға өз күйеуінің үстінен арыз жазғаннан кейін белгілі болған, деп хабарлайды Arasha.kz, ozgerisinfo-ға сілтеме қалдырып. 

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 17 тамызда болған. Күдікті 1961 жылы туған енесінің үйіне «шай ішуге» келген. Кейін әйелдің дәрменсіз күйін пайдаланып, оған жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасаған деген күдікке ілінген.

Жәбірленуші үш жыл бұрын ауыр жол апатына түсіп, содан бері денсаулығы нашарлағаны айтылады. Болған жағдайдан кейін оның қызы анасын қорғау үшін өз күйеуінің үстінен полицияға арыз түсірген. Әйелдің үш баласы бар, олардың біреуі - ерекше күтімді қажет ететін бала.

Жарияланған мәліметте бастапқыда сот-медициналық сараптама құжаттарына байланысты мәселе туындап, істің қаралуы созылғаны айтылған. Осыдан кейін қоғам белсенділері жағдайға қала прокуратурасы мен заңгерлердің назар аударуын сұраған.

Қазіргі уақытта күдіктінің ұсталғаны хабарланды. Оқиғаның нақты мән-жайлары тергеу барысында анықталмақ.