Словакияда өткен U20 санатындағы күрестен әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Қазыбек Қалмағамбетов Ақтөбеге оралды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жас балуанды Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежайда ата-анасы, туған-туыстары және жүздеген жерлесі қарсы алды.
Салтанатты шара барысында Ақтөбе облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов спортшыны тарихи жеңісімен құттықтады.
Сондай-ақ облыс әкімі Асхат Шахаровтың ұсынысымен әлем чемпионына автокөліктің кілті табысталды.
Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше, Қазыбек Қалмағамбетов өңір тарихында грек-рим күресінен U20 санатында әлем чемпионы атанған алғашқы спортшы болды.