Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

"Сіздер жақсы білетін адам": Тоқаев вице-президенттің қашан тағайындалатынын айтты

"Сіздер жақсы білетін адам": Тоқаев вице-президенттің қашан тағайындалатынын айтты
Шенеунік. Көрнекі фото: VioletaStoimenova/Getty Images

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің вице-президенті кім болатыны алдағы аптада немесе он күннің ішінде белгілі болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Мемлекет басшысы бұл туралы Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтты.

Президенттің сөзінше, вице-президент лауазымының енгізілуі – елдегі маңызды саяси өзгерістердің бірі. Ол қазіргі жағдайда мұндай қызмет Қазақстан үшін қажет екенін атап өтті.

"Расында, бұл – айтулы өзгеріс. Біз Конституциямызға жаңа лауазымды әдейі енгіздік. Бұл лауазым аса қажет деп айтсақ, қателеспейміз. Себебі қазіргі бұлыңғыр заманда мұндай лауазым елімізге өте қажет. Келесі аптада немесе он күн ішінде вице-президент кім екені мәлім болады. Мен оны қазір анық айта алмаймын. Ол белгілі, сіздер жақсы білетін адам болады деп ойлаймын. Тағы басқа реформаларды іске асырамыз. Мысалы, Халық Кеңесінің жұмысын жандандыру қажет", – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесі деген жаңа орган екенін атап өтті.

"Кейбір азаматтар Ассамблея туралы сұрап жатыр екен. Халық Кеңесі Ассамблеяның атқарған қызметін одан әрі күшейтеді деп ойлаймын. Бұл көпфункционалды, жаңа саяси тетік деп айтуға болады. Сондықтан кеңестің жұмысы жемісті болатынына кәміл сенемін. Жалпы, жоспарымыз өте ауқымды. Осыған дейін айтқанымдай, Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналуы керек", – деді президент.