Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Сырдарияға батып кеткен ағайындылардың денесі табылды

Сырдарияға батып кеткен ағайындылардың денесі табылды
Фото: әлеуметтік желі

Түркістан облысында Сырдария өзеніне батып кеткен екі ағайындының да денесі табылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 22 тамызда Сауран ауданына қарасты Үшқайық ауылдық округі аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2002 жылы туған азамат суға түсуге тыйым салынған аумақта шомылып жүріп, өзенге батып кеткен.

Оны құтқаруға әрекет жасаған 1998 жылы туған ағасы да суға түсіп, ағысқа кеткен.

Құтқарушылардың іздестіру жұмыстары бірнеше күнге созылды. 24 тамызда 2002 жылы туған азаматтың денесі оқиға орнынан шамамен 6 шақырым жерден табылып, судан шығарылды.

Ал 25 тамызда екінші азаматтың денесі оқиға орнынан шамамен 30 шақырым қашықтықтан анықталды. Құтқарушылар марқұмның денесін судан алып шықты.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 90-ға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен қатар арнайы техника, жүзу құралдары мен дрондар пайдаланылған.

Оқиғаға қатысты тиісті жұмыстар жүргізіліп, қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.