Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды

Санжар Боқаевты қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылды
Фото: әлеуметтік желі

Белсенді Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаны қамауда ұстау мерзімі 18 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бұл туралы белсенді Әлнұр Ілияшев Facebook-парақшасында хабарлады.

Еске салайық, Санжар Боқаев 18 наурызда ұсталған. Осылайша ол алты айға жуық уақыт қамауда отыр.

Бас прокуратураның мәліметінше, Боқаев аз қамтылған адамдарға ақша беріп, ағаш кестіруге және ұрлық жасауға тапсырыс берген деген күдікке ілінген.

Сондай-ақ прокуратура оны аса ірі мөлшерде қаражатты алаяқтық жолмен иемденді, жалған ақпарат таратты және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында бейнематериалдар жариялады деп айыптаған.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.