Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясын 28 тамызға белгіледі

Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясын 28 тамызға белгіледі
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ақорда мәліметінше, Құрылтайдың бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда Астана қаласында өтеді.

Құжатқа сәйкес, жиын сағат 11:00-де басталады.

«Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын», – делінген Жарлықта.