Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

«Алдымен қазақша сөйлеймін» деген әкімнің үстінен арыз жазылды

«Алдымен қазақша сөйлеймін» деген әкімнің үстінен арыз жазылды
Сурет: newskaz01

Алматы облысындағы Жалпақсай ауылында тұрғындармен өткен жиыннан кейін ауыл әкімінің үстінен арыз жазылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеода әкім тұрғындарға алдымен қазақ тілінде, кейін орыс тілінде түсіндіретінін айтады.

«Алдымен қазақша, кейін орысша түсіндіремін», - дейді ол.

Осы сәтте жиналғандардың бірі әкімге «Орысша сөйле!» деп талап қойғаны естіледі.

Желіде тараған мәліметке сәйкес, видеода таяққа сүйеніп тұрған азамат - Жалпақсай ауылының әкімі. Видео авторының айтуынша, әлеуметтік желіде жиынның қысқартылған нұсқасы ғана жарияланған, ал толық бейнежазба өзінде сақтаулы.

Сондай-ақ, жиыннан кейін бір топ азамат әкімнің үстінен арыз түсіргені айтылды. Алайда арыздың нақты мазмұны мен оған қатысты ресми органдардың ұстанымы әзірге жарияланған жоқ.