Непал мен Тибет шекарасында тасқыннан опат болғандар саны 626 адамға жетті, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тағы екі мыңға жуығы ізім-қайым жоқ. Олардың арасында Қазақстанның 3 азаматы бар.
Олар туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен. Ел дипломаттары жергілікті органдармен бірге іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алапат тасқын мен лай көшкіні салдарынан 45 шақырым жол қирап қалған. Мыңдаған адам баспанасыз қалды. Іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.