Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ер адам қызын зорлаған еркектің анасына зорлық көрсетті

Ер адам қызын  зорлаған еркектің анасына зорлық көрсетті
Фото: freepik

Қырғызстанның Қара-Көл қаласында ер адам қызын зорлаған азаматтың анасын зорлаған. Оқиғаға қатысты деректер Жалал-Абад облыстық сотының қаулысында келтірілген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Сот материалдарына сәйкес, 2 сәуірде таңғы сағат 04:00 шамасында белгісіз ер адам 1963 жылы туған әйелдің үйіне жасырын кіріп, жатын бөлмесіне барған.

Әйелдің айтуынша, ер адам оған пышақпен күш көрсетіп, өзінің қызын зорлағанын айтып, сол үшін кек алатынын жеткізген. Кейін ол әйелге зорлық көрсетіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Жәбірленуші кейін Жалал-Абад облыстық сотына шағым түсіріп, Қара-Көл аудандық сотының 12 мамырдағы үкімінің күшін жоюды және істі бірінші инстанцияға қайтаруды сұраған.

Алайда сот алқасы бірінші инстанцияның шешімін өзгеріссіз қалдырды. Сотта әйелдің өзі бұған дейін қарсы мәлімдеме жазып, сот отырысында айыптауды қолдаудан бас тартқаны ескерілген.