Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Түркістанда ер адам 25 жыл отасқан жарын өлтірді

Түркістанда ер адам 25 жыл отасқан жарын өлтірді
Коллаж: Arasha.kz

Түркістанда отбасылық жанжалдан кейін ер адам 54 жастағы әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Криминальный Казахстан Telegram-арнасының дерегінше, ауыр жарақат алған әйелді оның кіші ұлы бірінші болып байқаған. Анасының дауысын естіген жігіт бөлмеден шығып, оны қанға боялған күйде көрген. Ол бірден жедел жәрдем шақырған. Алайда дәрігерлер әйелдің өмірін сақтап қала алмады. Ол жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Марқұмның күйеуімен бірге шамамен 25 жыл тұрғаны және ерлі-зайыптылардың төрт бала тәрбиелегені белгілі. Қайғылы жағдайға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, оқиғадан кейін әйелдің күйеуі де өзіне жарақат салып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Ер адам ауруханаға жеткізіліп, кейін ұстау изоляторына қамалған.