"Қазгидромет" 15 қыркүйекке арналған Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз әрі жылы ауа райы сақталады. Ал солтүстік өңірлердің кей жерлерінде жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлайды Arasha.kz.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метр, екпіні 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде +8...+10 градус, күндіз +18...+20 градус.
Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +16...+18 градус болса, күндіз +28...+30 градусқа дейін жылынады.
Шымкентте де күн құрғақ болады. Түнде +15...+17 градус, күндіз +30...+32 градус.
Ақтауда түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус, Ақтөбеде түнде +10...+12, күндіз +27...+29 градус болады.
Атырауда ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +30...+32 градусқа жетеді. Жезқазғанда түнде +10...+12, күндіз +23...+25 градус күтіледі.
Қарағандыда түнде +6...+8, күндіз +18...+20 градус болады. Жел екпіні секундына 15–18 метрге дейін күшеюі мүмкін.
Көкшетауда түнде +11...+13, күндіз +16...+18 градус. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Қонаевта күндіз +30...+32 градусқа дейін жылынса, Қостанайда +19...+21 градус болады.
Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +15...+17 градус, күндіз +28...+30 градус.
Павлодарда түнде +10...+12, күндіз +18...+20 градус болады. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшеюі ықтимал.
Петропавлда жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел секундына 15–20 метр, екпіні 23 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде +10...+12, күндіз +16...+18 градус болады.
Семейде жауын-шашынсыз, түнде +10...+12, күндіз +20...+22 градус. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді.
Талдықорғанда күндіз +29...+31, Таразда +28...+30, Түркістанда +31...+33 градусқа дейін жылынады.
Оралда түнде +12...+14, күндіз +23...+25 градус болады.
Өскеменде де жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы +10...+12 градус, күндіз +23...+25 градус болады.