16 қыркүйекте Қазақстанның басым бөлігінде жылы әрі жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік пен батыста күндіз ауа температурасы +30...+32 градусқа дейін көтерілсе, солтүстік және шығыс өңірлерде салқындау болады, деп хабарлайды Arasha.kz.
Астанада жауын-шашын күтілмейді. Түнде +6...+8 градус, күндіз +20...+22 градус болады.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +14...+16, күндіз +27...+29 градус.
Шымкент пен Түркістанда күндіз ауа температурасы +30...+32 градусқа дейін жетеді. Түнде екі қалада да +16...+18 градус болады.
Қызылордада түнде +15...+17, күндіз +30...+32 градус, Ақтауда түнде +17...+19, күндіз +30...+32 градус күтіледі.
Атырауда ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +30...+32 градусқа дейін көтеріледі.
Таразда түнде +11...+13, күндіз +28...+30 градус болса, Талдықорғанда түнде +6...+8, күндіз +28...+30 градус болады.
Ақтөбеде күндіз +29...+31 градусқа дейін жылынады. Түнгі температура +11...+13 градус шамасында болады.
Оралда түнде +13...+15, күндіз +23...+25 градус күтіледі.
Елдің солтүстігінде ауа райы салқындау болады. Петропавлда түнде +8...+10, күндіз +18...+20 градус, Қостанайда +6...+8 және +22...+24 градус, ал Көкшетауда +6...+8 және +20...+22 градус болады.
Павлодарда түнде +8...+10, күндіз +18...+20 градус, Қарағандыда түнде +8...+10, күндіз +20...+22 градус болжанып отыр.
Өскеменде түнде +8...+10, күндіз +18...+20 градус болады. Мұнда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
Жезқазғанда ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +23...+25 градус болса, Қонаевта түнде +13...+15, күндіз +28...+30 градус болады.