Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Әлем

Еуропадағы ең қарт ер адам 112 жасында қайтыс болды

Еуропадағы ең қарт ер адам 112 жасында қайтыс болды
Витантоньо Ловалло. Фото: Focus.ua

Италияның ең қарт ер азаматы саналатын Витантоньо Ловалло 112 жасында дүниеден өтті. Ол өмірінің басым бөлігін Потенца провинциясындағы Сарнелли елді мекенінде өткізген, деп хабарлайды Arasha.kz.

Витантоньо Ловалло 1914 жылы дүниеге келген. Биыл 25 наурызда 112 жасқа толған.

Жастық шағында ол қой бағып, кейін қашыр айдаушы болып еңбек еткен.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ловалло әскер қатарына шақырылған. 1943 жылғы 8 қыркүйектен кейін Грекияда неміс әскері оны тұтқынға алған. Алдымен Родос аралында ұсталып, кейін Германиядағы концлагерьге жіберілген.

1945 жылғы 8 мамырда кеңес әскері келгеннен кейін ол тұтқыннан босатылған.

Соғыстан соң Витантоньо Ловалло туған жері – Италияның Базиликата өңіріне оралып, отбасын құрған. Оның екі қызы мен бір ұлы болған.

Авильяно қаласының мэрі Джузеппе Мекка марқұмның ұзақ өмірі көпке үлгі болғанын атап өтті.

"Оның қарапайымдықпен, қайсарлықпен, отбасы мен туған жеріне деген сүйіспеншілікпен өткен ұзақ ғұмыры бәріміздің жүрегімізде сақталады", – деді қала басшысы.

Витантоньо Ловаллоны ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 17 қыркүйекте Сарнеллидегі Сан-Винченцо-Феррер шіркеуінде өтеді.