Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Мұғалім 1-сынып оқушысын бірнеше рет ұрған

Мұғалім 1-сынып оқушысын бірнеше рет ұрған
Коллаж: видеодан кадр

Өзбекстанда мұғалімнің бірінші сынып оқушысын ұрып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға Наманган облысының Қасансай ауданындағы №39 мектепте болған.

Наманган облысының Мектепке дейінгі және мектеп білім басқармасының мәліметінше, жағдай 16 қыркүйек күні сағат 10:30 шамасында, үшінші сабақ кезінде болған. Бастауыш сынып мұғалімі 1 «Б» сыныбында оқитын балаға күш қолданған.

Алдын ала мәлімет бойынша, бұған оқушының кітаптағы мәтінді оқи алмағаны себеп болған.

Қазір оқиғаға қатысты тиісті қызметтер тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның видеосы тарап кетті.