Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Аша Матайдың күйеуі ел талқысына түсті

Аша Матайдың күйеуі ел талқысына түсті
Коллаж: әлеуметтік желіден

Кейінгі уақытта сахнадан сирек көрінетін Арман Қоңырдың әлеуметтік желідегі соңғы жазбасы көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары өнер иесінің модель Айдана Рахымбаевамен бір локацияда болғанын байқап, түрлі болжам жасай бастады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қарағанда, Арман Қоңыр мен Айдана Рахымбаева бір жерден сурет жариялаған. Осы сәйкестік оқырмандардың қызығушылығын туғызып, олардың бірге болған-болмағаны қызу талқыланып жатыр.

Пікір білдірушілердің арасында мұны жай ғана кездейсоқтық деп қабылдағандар да, екеуінің арасында қандай да бір байланыс болуы мүмкін деген болжам айтқандар да бар.

«Арман шетелде басқа қызбен жүр ғой. Аша екеуі ажырасып кеткен бе?», «Ашаның өзін дәлелдегісі келіп, Құрылтайға бару себебі осы екен ғой» деген пікірлер жазылған.

Жанкүйерлер соңғы уақытта Арман Қоңыр мен Ашаның бірге түскен суреттерін бұрынғыдай жиі жарияламайтынын атап өткен. Жұп әлеуметтік желідегі парақшаларында көбіне балаларына қатысты жазбалармен бөлісіп жүр.