Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Сырымбек Тау Құрылтайдың тарихи мәніне тоқталды

Сырымбек Тау Құрылтайдың тарихи мәніне тоқталды
Сырымбек Тау. Фото: ашық дереккөзден

Белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау Құрылтай ұғымының тарихи маңызы туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, Құрылтай – қазақ тарихында елдің бірлігі мен ортақ шешім қабылдаудың символына айналған ұғым. Кәсіпкер осы орайда 1726 жылы өткен Ордабасы құрылтайын мысалға келтірді.

"Құрылтай сөзі өте әдемі, иә? Енді қарасақ, осыдан тура 300 жыл бұрын 1726 жылы Әбілқайыр хан Ордабасы құрылтайын жасаған. Ол биыл, мысалы, тура 300 жыл болды. Енді сол жерде жоңғарлар шапқыншылығына қарсы тұру үшін үш жүздің басын қосқан. Сондықтан біз ешқашан тарихи сәттерді ұмытпауымыз керек. Тарихи сәттерде жіберген қателігімізді, ұтқан жерімізді қарап отыруымыз керек", – деді Сырымбек Тау.