Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Оқушылар мінген автобус апатқа ұшырап, 25 адам қаза тапты

Оқушылар мінген автобус апатқа ұшырап, 25 адам қаза тапты
Фото: видеодан кадр

Кабо-Вердеде балалар мен жасөспірімдер мінген автобус жолдан шығып кетіп, шамамен 30 метр тереңдікке құлады. Жантүршігерлік жол апатынан 25 адам қаза тауып, 13 адам аман қалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Оқиға 5 қыркүйек күні Фогу аралында болған. Автобус Чã-даш-Калдейраш елді мекенінен Кампанаш-де-Сима бағытымен келе жатқан. Жолаушылар экскурсиядан үйлеріне қайтып бара жатқан. 

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус таулы жолдың бір бөлігінде басқарудан шығып, жол жиегінен төмен қарай құлаған. Көлік шамамен 30 метр биіктіктен жартасты шатқалға түсіп, қатты зақымданған. Апат орнының таулы әрі жетуі қиын болуы құтқару жұмыстарын күрделендірген. 

Қаза тапқандардың басым бөлігі — балалар, жасөспірімдер және жастар. Олардың арасында бастауыш және орта мектеп оқушылары болған. Автобус жүргізушісі де қаза тапқандардың қатарында. 

Бастапқы ақпаратта автобустағы адамдардың нақты саны мен қаза болғандар саны әртүрлі көрсетілген. Кейінгі жергілікті мәлімет бойынша, көлікте 38 адам болған: 25 адам қаза тауып, 13 адам аман қалған. 

Қазір апаттың нақты себебі анықталып жатыр. Билік оқиғаны жан-жақты тергеуге кіріскен. Білім министрлігі бұл сапарды мектептердің өздері ұйымдастырмағанын мәлімдеді. Экскурсияны оқушыларды оқу жылы кезінде тасымалдайтын жүргізуші жеке ұйымдастырған.