Контентке өту
Жалпыұлттық аза тұту күні
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Маңғыстаудағы әскери трагедия: тергеуде жауапты тұлғалар анықталды

Маңғыстаудағы әскери трагедия: тергеуде жауапты тұлғалар анықталды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігі

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты тергеу жалғасып жатыр. Іс аясында қызметке салғырт қарады деген күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу тобы оқиға болған жерді қарап-тексеріп, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алған.

Сонымен қатар іске қатысты құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленіп, 12 түрлі сараптама тағайындалған.

Тергеу барысында анықталған лауазымды тұлғаларға метеорологиялық жағдайды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау жүргізбеді және қажетті шараларды қабылдамады деген күдік келтіріліп отыр.

"Аталған тұлғалар құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған. Тергеу мәліметінше, бұл әрекеттер адамдардың қаза болуына әкеп соққан.Тергеу барлық күдіктілердің әрекеттеріне толық құқықтық баға беріп, оларға қатысты тиісті процестік шараларды қабылдайды", – деп хабарлады Бас проккуратура.