Контентке өту
Жалпыұлттық аза тұту күні
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Мирзиёев пен Жапаров Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Мирзиёев пен Жапаров Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты
Фото: shutterstock

Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына шетел мемлекеттері басшылары мен халықаралық ұйымдар жетекшілерінен көңіл айту жеделхаттары келіп түсіп жатыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысына, қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына және Қазақстан халқына қайғыға ортақтасып көңіл айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев қиын сәтте қолдау білдіріп, жұбату сөздерін жеткізген шетелдік әріптестеріне ризашылығын білдірді. Президент халықаралық қолдау мен тілеулестіктің мұндай кезеңде ерекше маңызды екенін атап өтті.

Еске салайық, Маңғыстау облысында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райы кенеттен күрт нашарлап, желдің күшеюінен 17 әскери қызметші ашық теңізге кеткен.

Жедел жүргізілген құтқару жұмыстары нәтижесінде үш әскери қызметші аман қалған. 12 әскери қызметшінің қаза тапқаны расталды. Тағы екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Осы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.