15 қазанда Алматыдағы Республика сарайында BE WOMAN ASIA 2026 халықаралық форумы өтеді. Биыл форумда 25 елдің технология, кәсіп, ғылым және қоғам саласының сарапшылары бас қосады. Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – жасанды интеллект дәуіріндегі жауапкершілік мәселесі және болашаққа ықпал ететін шешімдер.
BE WOMAN ASIA 2026 форумының биылғы тақырыбы – «Этика күші». Технология алға қарыштап, жасанды интеллект өміріміздегі маңызды шешімдерді қабылдауға тікелей ықпал ете бастады. Осы орайда басты сұрақ туындайды: қабылданған шешім мен оның салдары үшін жауапкершілік кімге жүктеледі?
Форумның халықаралық спикерлері: Facebook Live авторы Рэнди Цукерберг, Mosaic браузерін әзірлеуге қатысқан технология көшбасшысы Пинг Фу, екі дүркін «Оскар» иегері Шармин Обейд-Чиной, супермодель, филантроп, Naked Heart Foundation қорының негізін қалаушы, UNFPA ізгі ниет елшісі, инвестор әрі Special Olympics халықаралық кеңесінің мүшесі Наталья Водянова, британдық парфюмер, Jo Loves негізін қалаушы Джо Малон CBE, жасанды интеллект саясаты мен оны реттеу саласындағы халықаралық сарапшы Тити Акинсанми, Women in Tech Global негізін қалаушы Аюми Мур Аоки және G20 EMPOWER ұйымының Франция өкілі Кьяра Коразза.
Қазақстан мен Орта Азиядан Ұлттық ғылым академиясының академигі, онкология саласының сарапшысы Диляра Қайдарова, қоғам белсендісі Ляззат Қалтаева, Ferragamo компаниясының аға дизайнері Абзал Исабеков, Гарвард университеті түлегі, EdTechплатформасының негізін қалаушы Әсел Амангелді және Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан өкілдері қатысады.
BE WOMAN ASIA 2026 алаңында технология, кәсіп, білім, денсаулық, мәдениет, инклюзия тақырыптары талқыланады. Форумның негізгі бағдарламасы 15 қазанда Республика сарайында өтеді. 16 қазанда бағдарлама уоркшоп, менторлармен кездесу және дөңгелек үстел форматында жалғасады.
BE WOMAN ASIA 2026
15-16 қазан, 2026 жыл
Алматы, Республика сарайы