Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Ауылда 85 мың теңге күн көруге жетеді – Құрылтай депутаты

Ауылда 85 мың теңге күн көруге жетеді – Құрылтай депутаты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Respublica партиясынан Құрылтай депутаты, «ҚазАвтоЖол» ҰК-ның бұрынғы басшысы Мейірхат Мейрамханов ауыл тұрғындары үшін айына 85 мың теңге күнкөріске жеткілікті деген пікір білдірді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Депутаттың сөзінше, қала мен ауыл тұрғындарының күнделікті шығыны бірдей емес. Ол ауылдық жерде тұратындардың жеке шаруашылығы болғандықтан, азық-түлікке жұмсалатын қаражатты азайтуға мүмкіндік бар деп есептейді.

«85 мың теңге ауылдағы адамға жетеді. Ал қаладағыларға жетпейді. Ауылдағылар еңбекқор ғой. Ауылдағылар мал ұстайды, тамақ бар, сүті өзінікі, көкөнісі өзінікі. Еңбек еткен адамға ауылда 85 мың жетеді. Қазір ауылға барсақ, майды да, нанды да сатып алып жеп отыр», – деді Мейрамханов.