Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстанда түнгі аяз күшейеді: 29 қазанда қай өңірлерде қар жауады?

Қазақстанда түнгі аяз күшейеді: 29 қазанда қай өңірлерде қар жауады?
Күз. Фото: baza178/iStock/Getty Images Plus

Бүгін, 29 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде түнгі ауа температурасы нөлден төмендейді. Кейбір өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді. Ал еліміздің батысы мен оңтүстігінде күн салыстырмалы түрде жылы болады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Синоптиктердің болжамынша, қазан айының соңғы күндерінде Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Елдің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз, жылы ауа райы сақталады.

Ал солтүстік және шығыс өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік облыстардың таулы аудандарында атмосфералық фронттардың ықпалымен жаңбыр мен қар жаууы мүмкін.

29 қазанда Астанада көшпелі бұлт шығып, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы 2–4 градус аяз болса, күндіз 9–11 градусқа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді.

Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы 1–3 градус жылы, күндіз 11–13 градус болады.

Шымкентте де күн жауын-шашынсыз өтеді. Ауа температурасы түнде 4–6 градус, күндіз 16–18 градус жылы болады.

Еліміздің солтүстік бөлігінде күн салқындайды. Петропавлда жаңбыр аралас қар жауып, желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде 1–3 градус аяз, күндіз 7–9 градус жылы болады.

Павлодарда жаңбыр болжанып отыр. Ауа температурасы түнде 0–2 градус, күндіз 7–9 градус жылы болады.

Қарағандыда түнде 2–4 градус аяз, күндіз 7–9 градус жылы күтіледі.

Шығыс өңірлерде де түнгі температура төмендейді. Өскеменде 4–6 градус, Семейде 3–5 градус аяз болжанып отыр.

Ал Ақтөбеде түнде ауа температурасы 4–6 градусқа дейін төмендегенімен, күндіз 16–18 градус жылы болады.

Ақтауда күндіз 17–19 градус, Атырауда да 17–19 градус жылы ауа райы сақталады.

Қызылордада күндіз 15–17 градус жылы болса, Түркістанда ауа температурасы 16–18 градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктер республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейетінін де ескертті.

Бұдан бөлек, Алматы, Жамбыл, Түркістан және бірқатар басқа облыстарда түнгі үсік күтіледі.