Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Туыстарына бара жатқан отбасы жол апатынан түгел қаза тапты

Туыстарына бара жатқан отбасы жол апатынан түгел қаза тапты
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Үндістанда мерекені туыстарымен бірге қарсы алуға жолға шыққан ерлі-зайыпты мен олардың екі баласы жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Arasha.kz.

Қайғылы оқиға 11 қарашада Уттар-Прадеш штатындағы Ганга тасжолында болған. Отбасы Нойда қаласынан Праяграджға бара жатқан.

Полицияның алдын ала мәліметінше, жол талғамайтын көліктің дөңгелегі жарылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Көлік жолдың ортасындағы қоршауға соғылған.

Апат салдарынан 40 жастағы ер адам мен оның 35 жастағы жұбайы оқиға орнында қаза тапты. Жеті жастағы және бір жарым жастағы екі ұлы ауыр халде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады.