Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Арман Қырықбаев Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогемен кездесті

Арман Қырықбаев Францияның Қазақстандағы елшісі Сильван Гиогемен кездесті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сильван Гиогемен кездесті, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тараптар Қазақстан мен Францияның мәдениет пен өнер саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, бірлескен жобаларды жүзеге асыру, көрмелер мен театр гастрольдерін ұйымдастыру, кәсіби тәжірибе алмасу мәселелері қаралды.

Кездесу барысында Арман Қырықбаев екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамып, мәдени-гуманитарлық байланыстың жүйелі түрде нығайып келе жатқанын атап өтті.

Музей ісі мен кинематография саласындағы ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөлінді. Бірлесіп фильм түсіру, француз фильмдерін қазақ тіліне, қазақстандық фильмдерді француз тіліне дубляждау мәселелері сөз болды.

Франция елшісі Қазақстанның Мәдени мұраны қорғау жөніндегі халықаралық альянсқа (ALIPH) қосылуына мүдделі екенін жеткізді. Арман Қырықбаев мәдени мұраны сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың маңызын атап өтті. Министрдің айтуынша, ұйымның көпжақты мәдени ынтымақтастықтағы елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстанның оған қатысу мүмкіндігіне айрықша назар аударып, бұл мәселені жан-жақты зерделеу қажет.

Кездесу қорытындысында тараптар мәдени-гуманитарлық байланысты одан әрі нығайтуға және екіжақты әріптестікті дамытуға дайын екенін білдірді.

Бөлісу