Астанада екі қоғамдық көлік жол апатына ұшырады. Соқтығыс салдарынан автобустардың бірінің әйнегі сынып, сынықтары салон ішіне шашылған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Жол-көлік оқиғасы 12 қараша күні елорданың Абылай хан көшесінде болған. Апат орнынан түсірілген суреттер Telegram желісіндегі Qumash арнасында жарияланды. Кадрлардан автобус салонына шашылған әйнек сынықтарын байқауға болады.
Оқиғадан кейін журналистер Астана қалалық полиция департаментіне хабарласып, жол апатының мән-жайын анықтаған. Құқық қорғау органдары екі автобустың соқтығысқанын растады. Алайда жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шекпеген.
"Соқтығысу салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жүргізушілер жол-көлік оқиғасы материалдарын полиция қызметкерлерінсіз, оңайлатылған тәртіппен (еурохаттама) өз бетінше рәсімдеді", – деп мәлімдеді ведомство.