Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Әйелдің денесі чемоданнан табылды: 15 жастағы ұлы күдікке ілінді

Әйелдің денесі чемоданнан табылды: 15 жастағы ұлы күдікке ілінді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Санкт-Петербургте анасын өлтірді деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталды. Әйелдің денесі чемоданның ішінен табылған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Дереккөздің мәліметінше, әйел қарашаның басында із-түзсіз жоғалған. Кейін оның денесі Парголово елді мекеніндегі Юкковский жылғасының бойымен өтетін серуен соқпағынан табылған чемоданнан шыққан.

Осы оқиғаға байланысты марқұмның кәмелетке толмаған ұлы ұсталған. Әзірге әйелдің неден қайтыс болғаны және оқиғаның өзге мән-жайы туралы мәлімет берілмеген.

BAZA хабарлауынша, Санкт-Петербургтің Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғаған. Жасөспірім қазір күдікті ретінде қарастырылып отыр, оның кінәсі сот үкімімен ғана анықталады.