ҚазҰУ-да әлеуметтік даму жөніндегі проректор және факультет деканы жұмыстан кетті. Жұмыстан босатылуына жатақханадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерін тиісінше орындамауы себеп болған, деп хабарлайды Arasha.kz.
Оған қоса студент қайтыс болған күні кезекшілікте болған қызметкерлер жұмыстан уақытша шеттетілді. Қазір олардың әрекетіне тексеру жүріп жатыр.
Университет жатақханалардағы кешкі бақылауды күшейтіп, қауіпсіздік шараларын арттырды. ҚазҰУ өкілдері марқұмның отбасына көмек көрсетіп, тергеу органдарымен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.