Қазақстанда қарақшылық шабуыл жасады деген күдікке ілініп, 27 жыл бойы іздеуде жүрген ер адам Ресей астанасында ұсталды, деп хабарлайды Arasha.kz.
Қазақстан мен Ресейдің жедел қызметкерлері бірлескен жұмыс барысында ұзақ жылдар бойы құқық қорғау органдарынан жасырынып келген күдіктіні Мәскеу қаласында қолға түсірді.
Мәліметке сәйкес, ер адам 1999 жылы Павлодар қаласында жасалған қарақшылық шабуылға қатысы бар деген күдікке ілінген. Сол уақыттан бері ол іздеуде болған.
Арада 27 жыл өтсе де, күдіктіні іздеу жұмыстары тоқтамаған. Ақыры Қазақстан мен Ресейдің құқық қорғау органдары оны анықтап, ұстаған.
Жалпы, соңғы 10 айда қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты іздеуде жүрген 82 адамның 73-і табылған. Қалған тоғыз адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.