Контентке өту
Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев екі күннен кейін сот санкциясымен қамалған

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев екі күннен кейін сот санкциясымен қамалған
Фото: Нейрржелі арқылы жасалды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті екі басшының да 12 қарашада ұсталғанын растады. Олар алдымен уақытша ұстау изоляторына қамалған, деп хабарлайды Arasha.kz.

Ал 14 қарашада тергеу сотының санкциясымен екеуіне де қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

«12 қарашада аталған тұлғалар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. 14 қарашада тергеу сотының санкциясымен оларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр», – делінген ҰҚК жауабында.

Ведомство қылмыстық істің нақты мән-жайын әзірге жариялаған жоқ. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.