Logo
Іздеу
Айдарлар

Жұманғарин: АХҚО салықтан жалтаруға арналған офшорға айналып барады.

/
Жұманғарин: АХҚО салықтан жалтаруға арналған офшорға айналып барады.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ел ішіндегі қосымша офшорға айналу қаупі бар.

«АХҚО бойынша мәселелер бар, оларды біз орталық басшылығымен бірге талқылаймыз. АХҚО арқылы біз салықтан айырылып отырмыз, өйткені ол Қазақстан ішіндегі қосымша офшорға айналуы мүмкін», – деді Жұманғарин дүйсенбі күні Сенаттың жалпы отырысында «Салық кодексі туралы» заң жобасын талқылау барысында.

Министрдің айтуынша, бір кәсіпорын холдинг арқылы өзінің бас кеңсесін АХҚО-ға көшіріп, соның салдарынан мемлекет 200 миллиард теңгеден астам салықтан айырылған. Бұл сомаға корпоративтік табыс салығы (КТС) мен қосылған құн салығы (ҚҚС) да кіреді.

«Бұл – алаңдатарлық үрдіс. Бұл саңылауды бір жолын тауып жабу керек шығар. Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар, компаниялар АХҚО-да жұмыс істей алады, бірақ сонымен бірге республика ретінде біз салықтан айырылмауымыз керек. АХҚО-ға қатысты Салық кодексіне енгізілетін өзгерістердің мәні – осы», – деді Жұманғарин.

Серіктес жаңалықтары