Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Санитарлық авиация ұшағы боран салдарынан апаттық жағдайда қонды.

Санитарлық авиация ұшағы боран салдарынан апаттық жағдайда қонды.

Ан-2 ұшағы Қостанайдан Арқалыққа бағыт алған. ҚР ТЖМ мәліметінше, боранға байланысты ұшақ Арқалықтың маңына қонуға мәжбүр болған.

Ұшақ бортында төрт адам болған – екі ұшқыш және екі дәрігер. Қостанай облысы ТЖД құтқарушылары оқиға орнына жедел жетті.

Зардап шеккендер жоқ, ұшқыштар мен жолаушылар Арқалыққа жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бөлісу