Президент Қазақстан Республикасының адам құқықтары саласындағы шаралары туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
«Адам құқықтары саласындағы нақты шараларды одан әрі жүзеге асыру – саяси жаңғырудың маңызды кезеңі. Бүгін тиісті жарлыққа қол қойылды. Үкіметке оны орындау үшін шұғыл шаралар жоспарын қабылдауға тапсырма берілді», – деп жазды мемлекет басшысы.
Заңда адам құқықтары саласындағы бірінші кезектегі шаралар жоспарын (бұдан әрі – Іс-шаралар жоспары) бекітіліп, мынадай жұмыс бағыттарын көзделді:
— БҰҰ-ның шарттық органдарымен және БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің арнаулы рәсімдерімен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру;
— адам саудасы құрбандарының құқықтарын қамтамасыз ету;
— мүгедектігі бар азаматтарға қатысты адам құқықтары;
— әйелдерге қатысты кемсітуді жою; бірлесу бостандығына құқық;
— пікір білдіру бостандығына құқық; адамның өмір сүруге және қоғамдық тәртіпке құқығы; үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл тиімділігін арттыру;
— адамның қылмыстық сот төрелігі, атқару және азаптаулар мен қатыгез іс-әрекеттердің алдын алу саласындағы құқықтары.