Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Жаңалықтар

Қазақстанның кей жерінде қар жауып, күн суытады.

Қазақстанның кей жерінде қар жауып, күн суытады.

Синоптиктер Шығыс Қазақстан облысында ауа райы құбылып,  күн суытатынын ескертті.

4 маусымда аймақта найзағай ойнап, бұрқасын, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан 15-20 жылдамдықта жел соғып, екпіні 25 м/с-ке жетеді. Бесқарағай, Үржар өңірі, Семейде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.

4 маусымда Өскемен және Семей қалаларында найзағай ойнайды деп күтілуде. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

5 маусымда облыста жаңбыр жауады, түнде кей жерлерде қатты жаңбыр, қар жауады деп болжанды. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұрқасын, бұршақ, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан ауысып, жылдамдығы15-20 м/с-ке, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді.

5 маусымда күндіз ауа температурасының күрт төмендеп, 10-18 градус Цельсийге дейін түседі. 5 маусымнан 6 маусымға қараған түні кей жерлерде 2 градус аяз болады.

Бөлісу