Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Саясат

Назарбаев қоры Алматыдағы ғимаратын Тоқаевқа берді.

Назарбаев қоры Алматыдағы ғимаратын Тоқаевқа берді.

Назарбаев Қоры Алматыдағы ғимаратын Президент іс басқармасына сыйға тартты, деп жазды ҚазТАГ.

«2023 жылдың мамыр айында Алматыдағы Ганди көшесі 10 мекен-жайында орналасқан әкімшілік ғимараты мемлекет меншігіне өтеусіз өтіп, ПІБ балансына қосылды», — деп жауап берді Президент Іс басқармасы редакцияның сауалына.

Сондай-ақ Алматыдағы президент резиденциясы бұзылғаннан кейін Президент Әкімшілігі өкілдігі мен ПІБ қызметкерлері жаңа ғимаратқа көшіп үлгергені айтылған. Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысқа арналған кеңсесі бар.

«Қазір Алматыда президент резиденциясының жаңа ғимаратын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ», — деп хабарлады ПІБ.

Еске салсақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жұмыс кездесулерін Назарбаев Қорының ғимаратында өткізе бастаған болатын.

Бөлісу