Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Өткен жылы 428,7 млрд теңге мөлшерінде ұрланған активтер қайтарылды.

Өткен жылы 428,7 млрд теңге мөлшерінде ұрланған активтер қайтарылды.

Активтерді қайтару жөніндегі құқықтық тетіктерді нығайту жалғасады. Бұл туралы Бас Прокурор Берік Асылов айтты.

Оның айтуынша, өткен жылы 428,7 млрд теңге мөлшерінде ұрланған активтер қайтарылды. Заң субъектілерімен келісімдер бойынша 48 млрд теңгеден астам сомаға 15 әлеуметтік және инвестициялық жоба іске қосылды.

Халықаралық тәжірибені ескере отырып, сот тәртібімен түсініксіз шыққан активтерді мемлекет кірісіне айналдыру практикасы енгізілді. Қазіргі таңда нәтиже бар екенін айта кету жөн болады (10 миллион долларға талап қанағаттандырылды, сома өтелді). Сонымен қатар, мүлікті ерікті түрде кері қайтару бөлігінде субъектілермен жұмыс жүргізілуде.

Бөлісу