Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Арнаулы мемлекеттік қор 32 млрд теңгеге толықты.

Арнаулы мемлекеттік қор 32 млрд теңгеге толықты.

Осы аптада «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның субъектілері Арнаулы мемлекеттік қорға 26 млрд теңгеден астам қаражат аударды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы бизнес-орталықты сату нәтижесінде Қайтарылған активтерді басқару компаниясы Арнаулы мемлекеттік қорға 6 млрд теңгеден астам қаражат жолдады.

Бұл қаражаттар ел үшін қажетті әлеуметтік және экономикалық жобаларға жұмсалатын болады.

Бүгінгі күні Арнаулы мемлекеттік қорға жинақталған жалпы қаражат сомасы 220 млрд теңгеден асады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Бөлісу