Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Қоғам

Халықтың зейнетақы активтері 21 трлн теңгеден асты.

Халықтың зейнетақы активтері 21 трлн теңгеден асты.

2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша отандастарымыздың БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарындағы зейнетақы активтері шамамен 21,2 трлн теңге болды. 9 ай ішінде 3,3 трлн теңгеден аса мөлшерге (немесе 18,5%)  өсті. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі – 4 трлн теңге (немесе 23%).

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 2024 жылдың 01 қазанына шамамен 20,4 трлн теңге болды, бір жылдағы өсім – 22,2%. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен зейнетақы жинақтары – 628,6 млрд теңгеден асады, бір жылдағы өсім – 14,4%. Ең үлкен өсімді (44,8%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, оның көлемі – шамамен 7,1 млрд теңге.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсуде. 2024 жылдың 9 айында ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 170 млрд теңгеге жетті.

Кіріс ағындары

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында салымшылардың шоттарына түскен зейнетақы жарналары 2 трлн теңгеден асты (өсім өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 29,5% немесе 457,5 млрд теңгеге артық).

Жарналардың барлық түрлері оң сипатты көрсетті: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл басынан бері 01.10.2024 жылға дейін 1,8 трлн жуық теңге (бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,1% артық) түсті, МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға 84,5 млрд аса теңге (өсім 19%), ЕЗЖ – 2,3 млрд теңге (өсім 41,9%) жиналды.

БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кіріс жыл басынан бері 01.10.2024 ж. шамамен 2,1 трлн теңге. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 716,3 млрд теңгеге (немесе 52,3%) артық.

Бөлісу