Контентке өту
Жаңалықтар Қоғам Саясат Аймақтар Спорт Мәдениет Әлем Денсаулық Ғылым Тарих Экономика Қаржы
Оқиға

Тараздағы перзентханалардың бірінде жүкті әйел асылып қалған.

Тараздағы перзентханалардың бірінде жүкті әйел асылып қалған.

Осы жылдың 9 сәуірінде Жамбыл облыстық перинаталдық орталығының перзентхана палатасында жүкті әйел асылып қалған.

9 сәуірде Тараз қаласының Полиция басқармасына Жамбыл облыстық перинаталдық орталықтан перзентхана палатасының жуыну бөлмесінде 33 жастағы жүкті әйелдің асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түскен.

«Аталған дерек бойынша Полиция департаментімен қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар кешені тағайындалды, оны жүргізу Жамбыл облысы бойынша сот-сараптамалары институтының сарапшыларына тапсырылды», — делінген Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен жан-жақты тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Бөлісу